Жеке тұлғаларға арналған ЖТЖ
телефон нөмірі арқылы жедел түрде аударым жасау және қабылдау мүмкіндігі
Қатысушы банктер
Сіздің клиенттеріңіз қолма-қол ақшасыз аударымдар мен төлемдерді қабылдай және жібере алады
Біздің қызметіміз клиенттер арасында жедел түрде қаражат жөнелтуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларға негізделген
Жылдам
Ұялы телефон нөмірі арқылы қаражаттың әп-сәтте түсуі
QR
QR код арқылы жедел төлеу
Ыңғайлы
Төлемдер мен ақша аударымдары тек телефон нөмірі арқылы
Арзан
Комиссия 10 ₸ аспайды
Қалай пайдалану керек
Әп-сәттік төлем
1.
Қатысушы банктің қолданбасын жүктеңіз
Қатысушы банктің қолданбасында төлем жасаған жағдайда сервис бірден қолжетімді
2.
Аударым жасау
ЖТЖ жүйесінің жұмысы жайлы білгіңіз келе ме? Таныстырылымды көріңіз
Қолжетімді қызметтер
Ұялы телефон нөмірі бойынша аудару
Жай ғана ЖТЖ-ға қатысушы банктің қолданбасын ашып, аударым жасаңыз
FAQ
Егер бірнеше банкте картам/шотым болса, аударым қайсысына түседі?
Егер түрлі ЖТЖ-ға қатысушы банктерде карталарыңыз/шоттарыңыз болса, аударымды жөнелтушіге сіздің телефон нөміріңізді енгізген соң аударымды қайда жіберу керектігін таңдау ұсынылады.
Өз қаражатымды өз шотттарым арасында аудара аламын ба?
Иә, өз телефон нөміріңізді енгізіп, ол арқылы басқа банктегі шотыңызға аударым жасай аласыз.
Телефон нөмірі бойынша аударымдарды тек карталарға ғана жіберуге/аударуға бола ма әлде басқа шот түрлеріне де аудару/жіберу мүмкін бе?
Аударымды жөнелту немесе қабылдау үшін ЖТЖ-ға қатысушы банкте телефон нөміріңіз тіркелген қолданыстағы шотыңыз болуы керек.
Аударымды жіберу кезінде телефон нөмірін қате теріп қойдым. Не істеуге болады?
Әрбір ЖТЖ Қатысушысында ақша алынғаннан кейін 24 сағат ішінде аударымды қайтарып алу мүмкіндігі іске асырылуы тиіс. Қате терілген нөмірдің иесіне хабарласып, оның қаражатты қайтаруын өтінуіңізге болады. ЖТЖ жүйесі қайтарым жасалатынына кепілдік бермейді, ол аударымды алған адамға байланысты. Ақшаны қайтарудан бас тартылған жағдайда өз банкіңізге жүгіне аласыз.
Маған аударым келіп түсті, содан соң бейтаныс адам хабарласып, ақшаны қайтаруымды өтінді. Не істеуім керек?
Егер шынымен ешқандай ақша түсімін күтпеген болсаңыз және хабарласқан адам ақшаны сізге кездейсоқ жіберіп қойғанын айтса, «Аударымды қайтару» түймешігін басыңыз. Бұл жағдайда аударымның нақты сомасы оны жіберген банктік шотқа қайта қайтарылады. Егер басқа телефон нөміріне/деректемелерге жіберу арқылы қайтаруды өтінсе, мүлдем келіспеңіз — бұл алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін! Қайтару түймешігі аударым алынғаннан кейін 24 сағат ішінде қолжетімді.
Жылдам әрі ыңғайлы транзакцияларға арналған ең жаңа төлем платформасы
© 2024 Aitu Payment Solutions
ЖТЖ туралы
Команда
Серіктестерге
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі есептік тіркеу куәлігінің нөмірі 09.10.2019 жылғы №01-19-059